Нашақорлықтың алдын алу және есірткі заттарының заңсыз айналымымен күрес

24 желтоқсанда Қостанай политехникалық жоғары колледжінде «Нашақорлықтың алдын алу және есірткі заттарының заңсыз айналымымен күрес» тақырыбында құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесу өтті.
Іс-шараның мақсаты – алдын алу әдістерін, есірткілердің жастарға теріс әсерін азайту жолдарын талқылау, сондай-ақ есірткілердің заңсыз айналымына қарсы күрес тәжірибесімен бөлісу.

Кездесу барысында Қостанай қаласы ПБ ЕҚҚІБ аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Сексенова А.К. аймақта есірткі таралуына байланысты статистикалық мәліметтермен бөлісті, сондай-ақ бұл теріс құбылысты тоқтатуға бағытталған шаралар туралы айтты. Есірткі заттарының заңсыз айналымымен айналысатын қылмыскерлерді ұстау бойынша сәтті операциялардың мысалдары келтірілді. Кездесу барысында бейнероликтер көрсетілді.

Колледждің әлеуметтік педагогы Моргунова Е.А. жастардың зиянды әдеттерге қарсы тұру қабілетін қалыптастырудың маңыздылығын атап өтіп, баяндама жасады. Сондай-ақ, ол студенттердің отбасыларымен өзара әрекеттестікті кеңейту, моральдық және рухани құндылықтарды нығайтуға бағытталған тренингтер мен кеңестер ұйымдастыруды ұсынды.

Мұндай іс-шаралар жастардың ақпараттандыру деңгейін арттырып қана қоймай, білім беру мекемелері, құқық қорғау органдары мен қоғам арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді. Тек бірлескен күш-жігер арқылы ғана нашақорлық қауіпімен тиімді күресіп, болашақ ұрпақтың денсаулығын сақтауға болады.

Мускина Ж. Ж., педагог-ұйымдастырушы

#Біртұтас_тәрбие


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
167 queries