Мың бұралған жолдарынан поэзия

Шағын отанымыздың қазіргі заманғы ақындары жайлы мәлімет арамызда болса да көп те емес. Қарапайым адамдар болса керек … Алайда, олар тауысылмас шаруа қарбалысымен туған жердің сұлулығынан таң қалудан, көбіміз үшін әдетті және байқаусыз қалған құбылыстарды көруден жалықпайды. Олар бізді өз елімізбен мақтан етуге үйретеді, дарындар туылатыны және олар тек қана астаналарда ғана емес, сондай-ақ еліміздің түкпір-түкпірінде өмір сүріп, данышпандық шығармаларын тудыратыны жайлы ойға жетелейді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында Қостанай жоғары политехникалық колледжінде қостанайлық ақын, қоғамдық қайраткер, педагог Александра Ильинична Сусловамен кездесу болып өтті. Іс-шара мақсаты – оқырмандарды шағын отанымыздың тарихын зерттеуге тарту, жастардың өңіріміздің салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыпына деген құрметі мен мақтаныш сезімін тәрбиелеу.

Александра Ильиничнаның поэзиясы – шынайы, мейірімді, дана, ешқайсысын ықылассыз қалдырған жоқ. Александра Ильинична өз өмірбаяны, шығармашылы, өзінің өлеңдерінің туылуы жайлы және оның алғаш рет қолына қалам мен қойын дәптер алуына не себеп болғаны жайлы баяндап берді.

Жарқын мәнерлі-әсерлі түрде Александра Ильинична табиғат туралы, сезімдер туралы, адамдар туралы өз өлеңдерін оқыды, олар сондай жеңіл және тартымды.

Іс-шара қатысушылары көптеген сұрақтар қойды. Оларды өлеңдердің қаншалықты жиі туатыны, ол қалай болатыны, ең сүйікті ақыны қызықтырды. Тыңдаушылар қызықты кездесу үшін алғыстарың білдіріп, зор шығармашылық жетістіктер мен жаңа қызықты шығармаларының туын тіледі. Барлығы бірауыздан кездесудің жалғасуына сенім білдірді. 

Ақпаратты филологиялық пәндерінің оқытушысы С.К.Амантаева дайындады


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
169 queries