Мини-футбол

Қостанай жоғары политехникалық колледжінің спорт алаңында 1 курс ұлдары арасында мини-футболдан жарыс өтті. Жарыстың негізгі мақсаты – студенттер арасында футболды кеңінен насихаттау, оларды дене шынықтырумен және спортпен тұрақты түрде айналысуға тарту, сондай-ақ колледждің құрама командасын алдағы жарыстарға дайындау. Жарысқа колледждің 9 тобының командалары қатысты. Ойын қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді: 1 орын — 1М-17 тобы, 2 орын — 1ЭС-26 тобы, 3 орын — 1М-18 тобы. Сонымен қатар жарыстың үздік ойыншылары арнайы номинациялар бойынша марапатталды: «Үздік қақпашы» — Сабиров Александр (1М-18), «Үздік қорғаушы» — Лапшин Егор (1М-17), «Үздік сұрмерген» — Абрамов Артём (1М-17), «Үздік шабуылшы» — Ельжан Батырхан (1ЭС-26). Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, сондай-ақ жарысқа қатысқан барлық студенттерді құттықтаймыз! Сіздерге жаңа спорттық жетістіктер, жарқын жеңістер және толағай табыстар тілейміз! Ақпаратты дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Петрущенко В.И. дайындады. #КЖПК #Қостанай #МиниФутбол #Спорт #ДенеШынықтыру #КЖПКСтуденттері #СпорттықӨмір #СалауаттыӨмірСалты #КомандалықРух #АдалАзамат

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *