- admin
- 10.03.2018
- No Comments
- Жаңалықтар
Қостанай жоғары политехникалық колледжінің қабырғасында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік концерт өтті. Аталмыш мерекелік концерт салтанатты түрде нәзік жаңдылардың қоғамдағы айрықша орнын, отбасындағы маңызын және барлық салалардағы белсенді қызметін жан-жақты айғақтайтын тақырыптарды арқау еткен мағыналы мәнімен ерекшеленді. Концерт барысында әйелді ана ретінде асқақтатқан әсерлі өлеңдер оқылып, ер жігіттер би билеп, ана тақырыбындағы әсем ән-әуендері нәзік жанды аруларды айрықша тебіреністі күйге бөледі. Аталмыш шара қоғамның әйелдерге деген айрықша құрметін айғақтайтын салтанатты игі бастама болды.
Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы Д.С.Беков