«Менің жеке ойыным»

Тарихи деректерге сүйенетін болсақ, Қазақстан аумағында, 100 – ден астам тіл жұмыс істейді және дамиды. Жыл сайын 5 қыркүйекте қазақстандықтар Қазақстан халқының тілдер күнін атап өтеді. Бұл әмбебап, жалпыхалықтық мереке, Қазақстанда тұратын барлық ұлттардың тілдеріне құрмет.

      Қостанай политехникалық жоғары колледжінде  25 қыркүйек  айында  әлеуметтік – гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушылары «Менің жеке ойыным» атты интеллектуалды виторинаны  өткізді.

        Мерекенің мақсаты:  Студенттерге тіл мәдениетін үйрету,сөздік қорын дамыту, бәсекелестік қабілеттерін нығайту,ұйымшыл болуына үйрету.

      Викторинаға үш команда қатысты: «Полиглоттар»(ХП-22), «Лингва Франка» (Б-1) және «Позитив» (Э-20).

     Іс -шара барысында командалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өздерін таныстыра кетті, үш тілдің емлесі бойынша, грамматикалық, ережелеріне тоқтала кетті, сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, студенттер қазақ, орыс, ағылшын, әдебиет пәндерімен  қоса   музыка саласынан  да,  тамаша білімдерін  көрсете білді.

Зияткерлік ойынның қорытындысы бойынша жеңімпаздар Полиглоттар командасының қатысушылары болды, екінші орын Lingua franca командасына бұйырды, құрметті үшінші орынды Positive командасы иеленді.

Біз командаларға қатысқандары үшін алғыс айтамыз және тілдерді үйренуге сәттілік  тілейміз!

Муслимова Ж.М.,

шет тілдерінің мұғалімі


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
169 queries