- admin
- 15.09.2018
- No Comments
- Жаңалықтар
14 қыркүйекте «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде колледжде отбасы күніне арналған «Менің отбасым – менің қуанышым» байқауы өтті.
Іс-шараның мақсаты студенттерді ата-аналарға деген махаббаты мен сезімін тәрбиелеу.Отбасы туралы оқушылардың ойларын қалыптастыру, бір-бірін жақсы көретіндігін, бір-біріне қамқор болатындығын көрсету.
Байқауға бірінші курс студенттері мен олардың ата-аналары қатысты.
Конкурстық тапсырмаларды орындау барысында студенттер мен олардың ата-аналары өздерінің ептілігі мен шеберлігін, дағдыларын және талантын, ең бастысы, командамен бірге жұмыс істеу қабілетін көрсете алды.
Отбасылық мереке жеңімпаздарды марапаттаумен аяқталды. Іс-шараның барлық қатысушылары қанағаттандырылды, себебі әркім жақсы көңіл-күйге ие болды.
Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы Жүрсін Таңатқан Ерланұлы