«Менің Отаным – Қазақстан» кураторлық сағаты

20 қазанда Қостанай политехникалық жоғары колледжінде Республика күніне арналған «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында Бірыңғай кураторлық сағат өтті. Патриоттық шараға колледждің барлық мамандықтары бойынша 1–4 курс студенттері қатысты.

Биылғы Республика күнін мерекелеу Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында және саяси жүйені ауқымды модернизациялаумен, мемлекеттік билік пен басқару архитектурасын Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясы нормалары негізінде жаңартумен сипатталатын ел дамуының жаңа кезеңінде өтуде.

Шараның басты мақсаты — жастар бойында жоғары патриоттық сезімді, Қазақстанның тарихына, мәдениетіне, Негізгі Заңы мен мемлекеттік нышандарына деген құрметті, сондай-ақ ел болашағы үшін жеке жауапкершілікті қалыптастыру. Кураторлық сағат барысында студенттер 1990 жылғы Мемлекеттік суверенитет туралы Декларацияның тарихи маңызын, Әділетті Қазақстанның конституциялық негіздерін және «Адал азамат» Бірыңғай тәрбие бағдарламасының басты бағдарларын талқылады. Шара интерактивті форматта өтті: білім алушылар интеллектуалды викториналарға қатысып, өлеңдер оқып, патриоттық әндер шырқады.

Бірыңғай кураторлық сағат еліміздің қуаты — бірлікте, құқықтық келісімде және жастардың білім мен жасампаз еңбекке ұмтылысында екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Л. Қ. Дүйсекеева, ТЖ жөніндегі директордың орынбасары

#RepublicDayKazakhstan и #Республикакүні

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *