«Менің өмірімнің негізгі құндылықтары»

13 наурыз 2024 жылы 4ТП-26 тобында «Менің өмірімнің негізгі құндылықтары» атты ашық кураторлық сағаты өтті.

Кураторлық сағат жасөспірімдерді қолдауға және өмір жолының,өз алдына қойған өмірлік мақсат-мұраттары мен жалпы адамгершілік құндылықтардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беруге бағытталды. «Менің өмірімнің негізгі құндылықтары» тақырыбы әсіресе өзекті болып табылады, өйткені ол оқушыларды өз өмірінің мәнін түсіне білуге,рухани өсуге және жақсы мен жаманның аражігін ажырата отырып,өмірлік айқындамасын белгілей білуге үйретеді, өмірдің жағымды аспектілеріне назар аударуға мүмкіндік береді, бұл қиындықтарды жеңуге және төзімді позицияларды нығайтуға кілт бола алады,оқушыларды өз өміріне,өз сөзі,ойы және әрекетіне мұқият болуға тәрбиелейді.

«Менің өмірімнің негізгі құндылықтары» тақырыбындағы кураторлық сағат Өмірге деген бейімділік,табандылық қарым-қатынаста болуын қалыптастыруға,өмірдің құндылығын сезіндіруге, Бір-бірімен қарым-қатынас машығын қалыптастыруға, Қайырымдылыққа,білімділікке,адамгершілікке тәрбиелеуге көмектеседі.

Осылайша, осы тақырыптағы кураторлық сағат олардың өмірдегі қиындықтарды жеңуге және оптимизммен және сенімділікпен алға жылжуға көмектесетін төзімді көзқарастарды дамытуға көмектеседі.

Материал дайындаған 4ТП-26 топ кураторы  

Шаракулова Акерке Абубакировна


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
172 queries