МЕКТЕПТІК ДЕЗАДАПТАЦИЯ: ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР

2026 жылғы 24 сәуірде Қостанай политехникалық жоғары колледжінде «Заң және тәртіп» жобасы аясында «Мектептік дезадаптация: құқық бұзушылықтар» тақырыбында профилактикалық сабақ өтті.

Іс-шараны облыс прокурорының аға көмекшісі Ахметова А.Б. жүргізді. Кездесу барысында жасөспірімдердің мектепке бейімделмеу себептері, тәуекел факторлары және олардың құқыққа қарсы мінез-құлықтың қалыптасуына әсері талқыланды.

Жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың заңға қайшы әрекеттері үшін жауапкершілігіне ерекше назар аударылды. Қатысушыларға қолданыстағы заңнама нормалары мен құқық бұзудың салдары түсіндірілді.

Кездесу барысында студенттер белсенділік танытып, сұрақтар қойып, өмірлік жағдайларды талқылады және маманнан білікті жауаптар алды.

Мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға, жауапты мінез-құлық қалыптастыруға және білім беру ортасында құқық бұзушылықтардың алдын алуға ықпал етеді.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *