“Механика білгірлері” зияткерлік ойыны

2024 жылғы 31 қазанда Қостанай политехникалық жоғары колледжінде техникалық пәндер кафедрасының онкүндігі аясында “Механика білгірлері” зияткерлік ойыны өтті.

 Бұл іс-шараның мақсаты студенттердің болашақ кәсібінің мәні мен әлеуметтік маңыздылығы туралы хабардар болуын қалыптастыру болды. Викторинаға “Машина жасау технологиясы” мамандығының бірінші курс студенттері қатысты.

 Іс-шара барысында олар өз мамандықтары туралы көптеген қызықты фактілерді білді, турнир сұрақтарына белсенді жауап берді, шығармашылық қабілеттерін көрсетті және ұжымдық шешімдер қабылдады.

Іс-шара қатысушылардың Қостанай политехникалық жоғары колледжінің студенті атағына лайық болуға салтанатты антымен аяқталды.

Турнир қорытындысы бойынша М-14 тобының командасы 210 балл жинап, бірінші орынға ие болып, грамотамен және кубокпен марапатталды.

Ақпаратты арнайы пәндер оқытушысы Д. К. Иргибаева дайындады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *