“Мамандықты дұрыс таңдау – болашақ табыстың кепілі!»

2024 жылғы 7 ақпанда Қостанай политехникалық жоғары колледжінің 2 курс студенттері үшін М. Ғабдуллин атындағы ҚР ТЖМ азаматтық қорғау Академиясына түсу бойынша кәсіптік бағдар беру жұмысы жүргізілді.

№ 1 МӨСБ бастығының орынбасары азаматтық қорғау капитаны Р.А. Асқаров және аға инженер азаматтық қорғау аға лейтенанты А. Х. Дәулеталов оқу орнына күндізгі және қашықтықтан оқыту бөлімдері туралы, материалдық-техникалық оқу базалары туралы, Академия құрылымына түсу шарттары мен перспективалары туралы ақпараттарды жеткізді.

Студенттерге академия қызметі туралы бейнеролик көрсетіліп, мемлекеттік және орыс тілдерінде буклеттер таратылды. Оқуға түсу тәртібі мен оқу шарттары тиянақты түсіндірілді.

Ақпаратты дайындаған: Нұрқанов М. К.

 Фатхудинов Р. Р.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
188 queries