«Мамандық тандаудағы ақпараттық кеңес берілді»

Өскелең ұрпақты оқытып, тәрбиелей отырып, біз оны жасампаз еңбекке дайындауымыз керек. Ертең еңбек жастарға қуаныш пен қанағат әкелуі және басқалардың игілігі үшін пайдалы болуы  үшін бүгінгі оқушыларға мамандық таңдауда көмектесу қажет.

Жас жігітке, кешегі оқушыға дұрыс таңдау жасау өте қиын екені түсінікті. Олар тек мамандықтар туралы толықтай қалыптаспаған түсініктерге ие. Сонымен қатар өздерінің ішкі дүниелерін естуді, көруді және білуді әлі толықтай меңгермеген. Мектеп түлектерінің мамандықтар жайлы  барынша толық түсініктері қалыптасуы үшін  2021 жылғы 22 ақпан күні Қостанай жоғары политехникалық колледжінде “Болашақ мамандықты іздеу” тақырыбында Қостанай қаласының № 115 орта мектебінің түлектерімен онлайн-кездесу өткізілді. Кездесу ақпараттық-экономикалық бөлім маманы – Ережепова А. К және технологиялық бөлім меңгерушісі : Балгужинова Ж. Е. ұйымдастыруларымен өткізілді.

Кездесу ұйымдастырушылары мектеп түлектерін колледж қабырғасында оқытылатын мамандықтармен және білім беру бағдарламалар түрлерімен таныстырды. Кездесу барысында оқушылар колледж мәртебесіне, оқытушылар құрамының деңгейіне және студенттер үшін әлеуметтік қамсыздандыруға үлкен қызығушылық таныта отырып, қызықтырған сауалдарына жауаптар алды. Оқытушылар түлектермен байланысты жалғастыру мақсатында ортақ  чат ашылды. Мектеп директорына, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарына, сынып жетекшілеріне және мектеп түлектеріне қызығушылық танытқандары  үшін алғыс айтамыз.

 

 

 


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
173 queries