«Махаббат-өмірдің негізі» атты тақырыптық сабақ

   5 ақпан күні Қостанай жоғары политехникалық колледжінде «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» атты оңкүндік аясында «Махаббат-өмірдің негізі» атты тақырыптық сабақ өтті.

 

Сабақтың мақсаты студенттерге адам өміріндегі махаббаттың рөлі туралы түсініктерін тереңдету және құңдылық ретінде мәнін ашу.

 

Сабақ барысында студенттер мақал-мәтелдермен жұмыс жасады, намыс, ұят, өмір, ой, ақиқат және абырой секілді негізгі сөздерін қолдана отырып, әңгімелер құрастырды.

             

Жұмыс нәтижесінде сабақта студенттердің «адамдардың игілігіне игі істер жасауға, сүйе білу» секілді құндылықтардың мәні мен мағынасы жайлы түсініктері кеңейтілді.

         

Сара Алпысқызының өмірі мен қызметі үлгісінде студенттер айналадағы адамдарға құрметпен қарап, сүйіспеншілік таныту мәнін түсінді.

 

 

Ақпаратты педагог-психолог А.Б.Темирбек дайындады


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
169 queries