Мағжан оқулары

2023 жылдың 30 қарашасында   ӘГП онкүндігі аясында ақын Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына арналған іс-шара өтті.

    Мағжан Жұмабаев – қазақтың әйгілі  жазушысы, ақын, публицист, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі.

Мақсаты: М.Жұмабаев шығармалары негізінде қазақ ақынының әдеби мұрасын, қазақ мәдениетін, мемлекеттік тілді насихаттау және өскелең ұрпақ бойына патриоттық, руханият сезімін ояту.

    Студенттер Мағжан Жұмабаевтың бір шығармасын мәнерлеп оқып, ақын шығармашылығы туралы мазмұнды презентация дайындау керек болды.

Студенттер өз баяндамаларын қорғап, жиналғандарды ақын Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстырды. Балалар ең басты адами құндылықтарға деген сүйіспеншілік сезімін оятып, ақынның шығармаларын мәнерлеп оқыды.

      «Мағжан – орасан зор мәдениетті ақын, оның ақындық даралығы соншалық, ол өз дәуірінің шекарасынан асып түседі… Қазіргі қаламгерлердің ішінде тек Мағжанның ғана сөзі болашаққа бағытталған және болашақтың жадында лайықты сақталады. » деп жазды М.Әуезов. Сонда да, Мағжан Жұмабаевты қалай атаса да, кімге теңесе де, ол қазақтың төл ақыны, әлем ақындары шоқжұлдызындағы ең бірінші шамадағы жұлдыз болған және солай болып қала береді».

   Оқытушылардың  міндеті – студенттер арасында Мағжан Жұмабаевтың шығармашылық мұрасын зерделеу, ақынның лирикалық шығармаларының мәнерлілігін әркімге жеткізу қажеттілігін өзекті ету. Қазақ халқының әдебиеті мен мәдениетін білуге, түсінуге, бағалауға құштарлығын тәрбиелеу.

  Мағжан оқуларының қорытындысы бойынша үздіктер анықталды. «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» номинациясында   Зарина Әмірғалиева, Нұрсұлтан Рысқұлов, Бауыржан Есекеев, Дана Серкешбаева, Марина Чехова жеңімпаз атанды.

  «Толқынмен толқын сырласып…» номинациясы бойынша: Жанбыршина Рысжан, Нұрғазина Айша, Шаймерденов Жасұлан, Болатбек Нұрсая, Мұхамбет Айдар, Оспан Ұлжан жеңімпаз атанды.

Мадақтама  қағазы  берілді:

 1 орын – Төлеу Ақбота

 2 орын – Сейілхан Гүлназ

 3 орын – Тұрсынбаева Дильназ

   Табыстарыңызбен құттықтаймыз және жаңа лайықты жеңістер тілейміз!

      Ақпаратты  дайындағандар: Бейсенова Х.Б,Бексултанова А.К.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
184 queries