“Ұлы және мәңгілік ерлік”

2023 жылдың 3 мамырында Қостанай политехникалық жоғары колледжінде “Өжеттілік сабағы” өтті. Патриоттық бағыттағы сабақтарға СТ-6 тобының 1 курс студенттері қатысты.

Мақсаты: Ұлы Отан соғысы жылдарында батыр қостанайлықтардың  өшпенділігі мен батылдығын көрсету, ержүректік пен елжандылыққа, өз Отанына деген сүйіспеншілік пен мақтанышқа тәрбиелеу.

Сабақ Отан қорғаушылар күнінің 31 жылдығы мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдығы қарсаңында өтті.

Балаларға біздің бейбіт аспанымыз үшін күрескен, өмір сыйлаған қостанайлық батырлар туралы айтылды. Балаларды барлығы қызықтырды: біздің қостанайлық батырларымыз қайда қызмет етті, қандай әскерлерде, қандай медальдармен және ордендермен марапатталды, қандай ерліктері үшін?

Сондай – ақ, білім алушыларға қиын өмір жолын кешкен және барлық сынақтарға абыроймен төтеп берген, батыр жерлестеріміздің ерлікіктері туралы баяндайтын бейнероликтер көрсетілді.

Мұндай сабақтар ең алдымен өскелең ұрпаққа қажет. Ең қорқынышты соғыстың сабақтары ұмытылмауы керек, ал батырлар адам жады тірі болғанша тірі.

Ақпаратты дайындаған: Фатхудинов Р. Р.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
164 queries