Ұлттық дәстүрге негізделген отбасы психологиясы

10.05.2022 жылы Қостанай политехникалық жоғары колледжінде «Қостанай қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің тапсырысы бойынша «Ұлттық дәстүрге негізделген отбасы психологиясы» тақырыбында семинар өтті. Семинардың мақсаты: жастарды отбасылық өмірге жан-жақты дайындау, бала тәрбиесі және олардың отбасындағы рөлі жайында айқындау.

Іс-шараға қатысушылардың контингенті 125 студентті құрады.

Семинар барысында баяндамашы, жеке сот орындаушылар палатасының төрағасы, «Отбасы Help» фронт-офисінің негізін қалаушы Басенова Несібелі Зариванқызы студенттерге ұлттық отбасылық дәстүрлер, отбасылық өмірге психологиялық дайындықтың маңыздылығы, отбасындағы гендерлік рөлдер тақырыбында баяндады.

Бұл семинар студенттерге отбасында сүйіспеншілік пен өзара сыйластыққа негізделген достық қарым-қатынас орнатуға көмектесетін пайдалы ақпарат алуға көмектесті.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
170 queries