«Әлем зорлық-зомбылықсыз»

«Жақсылық жасасаң – өзіңді танытасың, жамандық жасасаң – өзіңді қор қыласың»

(Соломон патшасы)

«Әйелдерге зорлық-зомбылық көрсетуге қарсы 16 күн» халықаралық акциясы аясында 5 желтоқсан күні колледжде зорлық-зомбылық пен қатыгездікті алдын алу негізгі мақсатымен «Әлем зорлық-зомбылықсыз» атты тақырыбында тренинг сабағы өтті.

Тренинг сабағы барысында «Газета тарту», «Жағдаяттарды талдау», «Сиқырлы таяқша» секілді жаттығулары қолданылды, басқыншылық дегеніміз не екені, ол неден көрініс табады, туындауының себептері, «басқыншы» мен «құрбанға» тән сипаттары, зорлық-зомбылық түрлері жайлы, сондай-ақ, ондай болған жағдайда «құрбан» болмау үшін не істеу керек екені және қайта жүгіну керек екені жайлы айтылды.

Іс-шараның соңында студенттер зорлық-зомбылықтың кез келген формада тиімсіз екені жайлы қорытынды жасады. Адамдар бір-біріне қамқорлықпен, құрметпен және сүйіспеншілікпен қарау тиіс, сонда ғана қоғамда бейбітшілік пен тыныштық болады, ал махаббат пен қайырымдылық болған жерде, қатыгездік пен зорлыққа орын жоқ.

Ақпаратты педагог-психолог Р.А.Сатыбалдина дайындады


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
171 queries