Кураторлық сағат Б-6

2025 жылдың 15 қаңтарында 1Б-6 топ оқушыларының қатысуымен “Цифрлық әлемде қауіпсіз қоғам” тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттерді киберқауіпсіздік негіздерімен таныстыру және цифрлық әлемде қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.

Кураторлық сағат барысында келесі мәселелер талқыланды:

  1. Киберқауіпсіздіктің маңызы: жеке ақпаратты қорғау, қауіпті сайттар мен фишинг шабуылдардан сақтану.
  2. Әлеуметтік желідегі қауіпсіздік ережелері: жеке мәліметтерді ашпау, қауіпсіз парольдерді қолдану.
  3. Кибербуллингтің алдын алу: интернеттегі дөрекі пікірлер мен шабуылдарға қарсы әрекеттер.
  4. Цифрлық сауаттылықты арттыру: заманауи технологияларды қауіпсіз пайдалану бойынша кеңестер.

Іс-шара барысында бейнероликтер көрсетіліп, пікірталастар ұйымдастырылды. Студенттер өз тәжірибелерімен бөлісіп, қойылған сұрақтарға белсенді жауап берді. Кураторлар цифрлық қауіпсіздікті сақтау бойынша нақты ұсыныстар берді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *