Кураторлар мен оқытушыларға арналған семинар

23.05.2017 ж. колледжде «Жасөспірімнің суицидтік мінез-құлқын алдын алудағы педагогтың рөлі» тақырыбында колледждің оқытушылары мен кураторларына арналған семинар болып өтті. Іс-шараның мақсаты педагогтарға жасөспірімнің суицидтік мінез-құлқын алдын алуда, қиын өмірлік жағдайда қалған студенттермен жұмыс әдісін таңдауға көмек беру.

Дағдарыс орталығының маманы С.А.Москаленко суицидтік мінез-құлқынының түрлері туралы, суицидтік әрекетке бейім жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктері жайлы, білім алушылардың аутодеструктивтік әрекетін анықтау және алдын алу амалдары мен тәсілдері туралы баяндап берді.

У.И.Сонарбаева өз сөзінде семинар қатысушыларының назарын жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлқының көрінісі болған жағдайда педагог әрекетінің алгоритміне аударды. Колледж директорының ТЖ жөніндегі орынбасары Л.К.Дюсекеева «Әлеуметтік желілер, суицидтік бағыттағы сайттарын мониторингі мен талдау бөлігінде жасөспірім суицидін алдын алу бойынша жұмысын ұйымдастыру» тақырыбы бойынша баяндады.

Семинар барысында педагогтар тәжірибелік кеңестер, психологтар, әлеуметтік педагогтың кеңестерін алды, тренингтерге қатысты.

Ақпаратты филологиялық пәндерінің ЦӘК оқытушысыУ.И.Сонарбаева дайындады


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
171 queries