«Кондитерлік іс»  құзыреттілігі бойынша арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері арасында Облыстық кәсіби шеберлік конкурсының 1 кезеңінің нәтижелері

2024 жылғы 8 ақпанда Қостанай жоғары политехникалық колледжінде «Кондитерлік іс» құзыреттілігі бойынша арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері арасында Облыстық кәсіби шеберлік конкурсының 1 кезеңі өтті.

Байқаудың бірінші кезеңінде педагогтар прокторинг рәсімімен онлайн-тестілеуден өтті. Тестілеу қорытындысы бойынша конкурстың екінші кезеңіне ең көп балл жинаған 5 педагог өтті.

ТАӘЖұмыс орныЛауазымы
 Пупышева Ксения Сергеевна«Қостанай жоғары политехникалық колледжі» КМҚКАрнайы пәндердің оқытушысы
 Горбанева Ирина Юрьевна«Лисаков техникалық колледжі» КМҚКӨндірістік оқыту шебері
 Деряга Оксана Александровна«Федоров ауылшаруашылығы колледжі» КМҚКАрнайы пәндердің оқытушысы
 Ефименко Елена Александровна«Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі» КМҚКӨндірістік оқыту шебері
 Кадирбаева Сауле Базарбаевна«Қостанай тұрмыстық қызмет көрсету колледжі» КМҚКӨндірістік оқыту шебері

Екінші кезеңде қатысушылар ең үздік кәсіби портфолио, кондитерлік өнімдерді өндіруде – кесілген тәтті тоқаш, изомальттан жасалған мүсіннің презентациясы және жұмбақ рецепт бойынша пісірілген тарелкадағы десерт әзірлеу бойынша шеберліктерін көрсетеді.

Барлық қатысушыларға конкурсқа қатысқаны үшін, оны қолдағаны және дамытқаны үшін алғыс білдіреміз. Байқаудың 2 кезеңіне қатысушыларға жеңіс пен табыс тілейміз!

Материалды директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары Ж.Ш. Кайпбаева дайындады


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
191 queries