«Кондитерлік іс» құзыреттілігі бойынша арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері арасында Облыстық кәсіби шеберлік конкурсы

2024 жылғы 8 ақпанда Қостанай  жоғары политехникалық колледжінде «Кондитерлік іс» құзыреттілігі бойынша арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері арасында облыстық кәсіби шеберлік конкурсының 1 кезеңі өтеді.

Конкурстың мақсаты – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру педагогтерінің кәсіби шеберлігін және заманауи стандарттарға сәйкес мамандарды кәсіби даярлау сапасын арттыру.

         Конкурстың міндеттері:

– педагогтердің өзін-өзі тануына және кәсіби шеберлігінің өсуіне ықпал ету;

– табысты педагогикалық тәжірибені тарату және педагогтардың қоғамдық танылу қажеттілігін қанағаттандыру;

– кәсіби педагогикалық кеңістікті кеңейту үшін жағдай жасау;

– ТжКББ педагогтарының білімін жалпылау және тәжірибе алмасу.

Конкурсқа Қостанай облысының ТжКББ білім беру ұйымдарының 8 педагогы қатысады, олар сондай-ақ олар «Кондитерлік іс» құзыреттілігі бойынша WorldSkills Kostanay кәсіби шеберлік конкурсында сарапшы-компатриоттар болып табылады:

 

ТАӘ

Жұмыс орны

Лауазымы

1.      

Абаева Алмагуль Кожахметовна

«Қостанай ауылшаруашылығы колледжі КМҚК

Өндірістік оқыту шебері,

педагог-модератор

2.      

Балгужинова Жулдызай Ерденбековна

«Қостанай жоғары политехникалық колледжі» КМҚК

Арнайы пәндердің оқытушысы, бөлім меңгерушісі, педагог- зерттеуші

3.      

Бондарева Нина Леонидовна

«Қостанай жоғары политехникалық колледжі» КМҚК

Арнайы пәндердің оқытушысы, педагог-модератор

4.      

Брозе Ольга Викторовна

«Қостанай жоғары политехникалық колледжі» КМҚК

Арнайы пәндердің оқытушысы, педагог-сарапшы

5.      

Горбанева Ирина Юрьевна

«Лисаков техникалық колледжі» КМҚК

Өндірістік оқыту шебері

6.      

Деряга Оксана Александровна

«Федоров ауылшаруашылығы колледжі» КМҚК

Арнайы пәндердің оқытушысы, педагог-зерттеуші

7.      

Ефименко Елена Александровна

«Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі» КМҚК

Өндірістік оқыту шебері, педагог-сарапшы

8.      

Кадирбаева Сауле Базарбаевна

«Қостанай тұрмыстық қызмет көрсету колледжі» КМҚК

Өндірістік оқыту шебері,

педагог-модератор

9.      

Пупышева Ксения Сергеевна

«Қостанай жоғары политехникалық колледжі» КМҚК

Арнайы пәндердің оқытушысы

 

Бүгін байқаудың бірінші кезеңінде педагогтар прокторинг рәсімімен онлайн-тестілеуден өтеді.

29 наурызда екінші кезеңге тестілеуде ең көп балл жинаған 5 қатысушы қатысады. Екінші кезеңде қатысушылар ең үздік кәсіби портфолио, кондитерлік өнімдерді өндіруде – кесілген тәтті тоқаш, изомальттан жасалған мүсіннің презентациясы және жұмбақ рецепт бойынша пісірілген тарелкадағы десерт әзірлеу бойынша шеберліктерін көрсетеді.

Кәсіби шеберлік байқауының барлық қатысушыларына шабыт, шығармашылық идеялар мен сәттілік тілейміз!

 

Материалды директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары Ж.Ш. Кайпбаева дайындады.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
187 queries