«Кондитерлік іс» және «Наубайхана шеберлігі» құзыреттіліктері бойынша арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері арасындағы Облыстық кәсіби шеберлік конкурсының қорытынды кезеңінің нәтижелері

«Кондитерлік іс» және «Наубайхана шеберлігі» құзыреттіліктері бойынша арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері арасында Облыстық кәсіби шеберлік конкурсының қорытындысы шығарылды. Конкурстың практикалық бөлімінде қатысушылар кәсіби портфолиосын таныстырды, шеберлікке тапсырмаларды орындады:

  • «Кондитерлік іс» құзыреттілігі бойынша кондитерлік өнімдерді дайындауда – кесілген тәтті тоқаш, изомальттан жасалған мүсіннің презентациясы және жұмбақ рецепт бойынша пісірілген тарелкадағы десерт,
  • «Наубайхана шеберлігі» құзыреттілігі бойынша нан-тоқаш өнімдерін дайындауда – ұйытқымен жасалған қара бидай наны, пикантты тағам, қатпарлы өнімдер (түрлі-түсті круассандар).

«Кондитерлік іс» құзыреттілігі бойынша Облыстық кәсіби шеберлік конкурсының нәтижелері: Гран При – К.С. Пупышева («Қостанай жоғары политехникалық колледжі» КМҚК), 1 орын – О.А. Деряга («Федоров ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК), 2 орын – С.Б. Кадирбаева («Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі» КМҚК), 3 орын – И.Ю. Горбанева («Лисаков техникалық колледжі» КМҚК), «Кәсіпқойлық және жеңіске деген сенім» номинациясы – Е.А. Ефименко («Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі» КМҚК).

«Наубайхана шеберлігі» құзыреттілігі бойынша облыстық кәсіби шеберлік конкурсының нәтижелері: Гран При – И.А. Рядинская («Қостанай жоғары политехникалық колледжі» КМҚК), 1 орын – Т.М. Горбатенко («Рудный технология және сервис колледжі» КМҚК), 2 орын – О.И. Савина («Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі» КМҚК), 3 орын – Ю.С. Карлышева («Қазақстан агротехникалық колледжі» КМҚК), «Кәсіпқойлық және жеңіске деген сенім» номинациясы – Г.А. Алиева («Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжі» КМҚК).

 Материалды директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары Ж.Ш. Кайпбаева дайындады.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
173 queries