- admin
- 03.12.2019
- No Comments
- Жаңалықтар
2019 жылдың 28 қараша күні Қостанай облысы әкімдігінің қолдауымен «Тобыл» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Инновацияларды қолдау орталығымен ұйымдастырылған колледждер мен жоғары оқу орындары арасында «БОЛАШАҚҚА ҰМТЫЛУ» өңдеу өнеркәсібі саласында инновациялық жобалар байқауы болды.
Байқаудың сыйлық қоры 1 000 000 теңге:
1 орын – 550 000 теңге,
2 орын – 300 000 теңге,
3 орын – 150 000 теңге.
Жобаларды іріктеудегі негізгі критериялар:
- идеяның жаңалығы мен өзектілігі,
- өнім немесе технологияның техникалық маңыздылығы, идеяларды соңғы өнімге іске асыру жоспарының болуы,
- жоба нәтижесін коммерциялау келешегі,
- жоба командасы.
Байқауға колледждер мен жоғары оқу орындарынан 22 қатысушы қатысты. Қостанай жоғары политехникалық колледжінен 2 команда ұсынылды:
- Валентина Гетманчук, 0518000 Есеп және и аудит (салалар бойынша) мамандығы бойынша оқитын ЭБ-15 тобының студенті, жетекшілері – экономика пәндерінің оқытушысы Контробаева Жаннат Дусембиевна және технологиялық пәндерінің оқытушысы Изделюева Салима Сайлаубаевна.
- Диас Токушев, Сержан Карпыков, Артем Таморко, ТП-15 тобының студенттері «KAZCRM», жетекшісі – ақпараттық пәндерінің оқытушысы Уаисова Майра Маликовна.
1 орынды және 550 000 теңге көлеміндегі сыйлық қорын студентіміз Валентина Гетманчук иеленді, ол «Экоплитка өндірісі бойынша шағын зауыт» атты тақырыбында жобасын сәтті қорғады. Жоба пластика бөтелкелерінен, полипропиленнен, целлофаннан қалдықтарды өңдей отырып, жаяу жол экоплиткасын жасап шығаруға негізделген. Байқауда Валентина экоплитканың түпүлгісін ұсынды. Қостанай облысының «Казанбасы» ЖШС, «Саян» ШҚ, «Косткинес» ЖШС секілді кәсіпорындары өз аумақтарын жақсартуда жобалық экоплитканы қолдануға қызығушылықтарын білдіру туралы растау хаттары да бар. Жоба жетекшілері Контробаева Жаннат Дусембиевна және Изделюева Салима Сайлаубаевна жобаның мынадай бағыттарына жетекшілік етті: жаяу жол плиткасының өндіріс технологиясы, экоплитка өндірісі үшін қажетті жабдықтың сипаттамалары мен құны, тұрақты және ауыспалы шығындарды есептеу, табыс және өтемділігі.
«БОЛАШАҚҚА ҰМТЫЛУ» инновациялық жобалар байқауындағы жеңістерімен жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!
Қостанай облысы әкімдігі мен «Тобыл» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Инновацияларды қолдау орталығына жастардың бастамалары мен жобаларын қолдағаны және дамытқаны үшін алғысымызды білдіреміз.
Ақпаратты Қостанай жоғары политехникалық колледжі директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Ж.Ш.Қайпбаева дайындады