Колледж бүгін

 

Қостанай жоғары политехникалық колледжі Қазақстан Республикасының заманауи және ірі колледждерінің бірі. Колледж 1971 жылы құрылды, қазіргі уақытта техникалық және кәсіптік білім беру саласында жетекші колледж болып табылады және төмендегі мамандықтар енеді:

  1. «Элеватор, ұн тартатын, жармалық және құрама жем өндірісі»
  2. «Нан пісіру,  макарондық және кондитерлік өндірісі»
  3. «Электрмен қамту»
  4. «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету»
  5. «Есеп және аудит»
  6. «Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану»  оқу мемлекеттік тілінде
  7. «Стандарттау, метрология және сертификаттау»
  8. «Электр және электрлі механикалық жабдықтарды техникалық пайдалану, жөндеу және қызмет көрсету»

 

Бүгін Қостанай жоғары политехникалық колледжібұл заманауи дәрісханалар, жаңа технологиялық жабдықтары бар зертханалар мен шеберханалар, білікті оқытушылар құрамы, шетелдік серіктестерімен ынтымақтастық.

Колледж түлектері Қазақстан Республикасының, сондай-ақ таяу және алыс шетелдерінің жетекші кәсіпорындарында қызмет атқарады.

Техникалық бағыты әр қашан сұранысқа ие және экономиканың ең тұрақты және дамып жатқан салаларының бірі болып табылады. Колледжіміздің түлектері таңдаған мамандықтары бойынша жұмысқа орналасып, өз маңсабын сәтті құруда.

Тәжірибелермен, жаңа ойларымен және технологиялармен алмасу ашықтығы колледжге тек қана алға қарай жылжуға себеп болады және халықаралық серіктестік аясында техникалық және кәсіптік білім берудің оқу мекемесін танытады.

Халықаралық серіктестік – Қостанай жоғары политехникалық колледжінің негізгі басымдылықтарының бірі. Кәсіптік серіктестік саласын кеңейту, ғылыми, білім беру және мәдени байланыстарын дамыту, түлектердің еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында. 

Қостанай жоғары политехникалық колледжі Қазақстанда алғаш болып Сантос-Дюмон француз колледжімен серіктестік меморандумына қол қойды. Сондай-ақ Ресейдің жетекші білім беру мекемелерімен екі жақтық шарт жасасты.

Егер сіз өз өміріңізді жасампаздықпен байланыстырмақ болсаңыз, онда Қостанай жоғары политехникалық колледжі алдарыңыздан жоғары технологиялық және инновациялық жабдығымен озық ғылыми-білім беру орталықтарының есігін ашады. Ал жоғары стандарттар мен білім беру сапасын жоғары білікті педагогтар қамтамасыз етеді.

Қостанай жоғары политехникалық колледжі үнемі жастар шығармашылығының алдыңғы қатарында болып келеді, оған Жастар комитетінің жемісті жұмысы себеп болады.

Қостанай жоғары политехникалық колледжі Қазақстанның жетекші колледждер қатарына енеді.

Бізге оқуға түсе отырып, өз болашағы мен өз елінің болашағын құруға үйренесіз.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
168 queries