- admin
- 23.09.2026
- No Comments
- Жаңалықтар
Қостанай политехникалық жоғары колледжінің кітапханасында бірінші курс студенттеріне арналған танымдық экскурсия ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – бірінші курс студенттерін кітапханамен, оның мүмкіндіктерімен және ақпараттық ресурстарды пайдалану ережелерімен таныстыру.
Экскурсия барысында студенттерге кітапхананың құрылымы, кітапханаға жазылу тәртібі, кітаптарды пайдалану ережелері, сондай-ақ қажетті оқу және қосымша әдебиеттерді дұрыс таңдау және іздеу жолдары туралы ақпарат берілді.
Студенттер кітапхананың кітап қорымен танысты. Атап айтқанда, мамандықтарға арналған оқулықтар мен оқу құралдарын, көркем және ғылыми-көпшілік әдебиеттерді, мерзімді басылымдарды және басқа да ақпараттық ресурстарды көріп шықты.
Сонымен қатар, бірінші курс студенттеріне қажетті кітапты өз бетінше іздеу жолдары түсіндірілді. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, кітапхананың оқу, өзін-өзі дамыту және бос уақытты тиімді ұйымдастыру үшін беретін мүмкіндіктері туралы мағлұмат алды.
Экскурсия қызықты әрі танымдық, жылы және достық атмосферада өтті. Кітапханамен алғашқы танысу студенттердің оқу барысында оның ресурстарын белсенді әрі тиімді пайдалануына жақсы бастама болады деп сенеміз.
Кітапханаға қош келдіңіздер! Білім, ізденіс және жаңа мүмкіндіктер кеңістігі сіздерді күтеді!




