Киелі жеріндегі квест

5-6 маусымда дәстүрлі түрде Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған Қостанай облысының киелі жерлерінде зияткерлік квест-тур өткізілді, оған біздің команда белсенді қатысты.

Квесттің мақсаты өскелең ұрпақты Ыбырай Алтынсариннің өмірімен және шығармашылығымен, мұрасымен таныстыру, бүгінгі ұрпаққа үлгі болып табылатын Алтынсарин мұрасын жастар арасында насихаттау, Қостанай облысының киелі нысандары бойынша квест-ойындар өткізу арқылы жастардың белсенді бос уақытын ұйымдастыру болып табылады.

Квестке Қостанай облысының әртүрлі аудандарынан: Сарыкөл, Бейімбет Майлин, сондай-ақ Қостанай қаласынан 14 команда қатысты.

Қатысушы командалар облыстың бірнеше аудандарын аралады: Қостанай (Ы.Алтынсарин кесенесі), Сарыкөл (Күнтеміс, Барақ батыр кесенесі), Ұзынкөл (Аспантайабыз Әулие), Алтынсарин (Шоқай би кесенесі, Омар құдығы), сондай-ақ Меңдіқара (Нұржан Наушабаевтың ескерткіші, Спандияр Көбеевтің зираты).

Әр бекетте қатысушы командалар логикағалық тапсырмалар орындап, туған өлкенің тарихы, мәдениеті мен тұрмысы, сондай-ақ Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, шығармашылық конкурстар, сәлемдесу және үй тапсырмалары да өткізілді, онда командалар қазақтың әдет-ғұрыптарының бірін бейнелеуі керек болатын. Үй тапсырмасы Сарыкөл ауданының Күнтеміс ауылында өтті.

Жалпы жүлде қоры – 300 000 теңгені құрады.

Квест-турдың нәтижелері келесідей қалыптасты:

I орын – «Сарыарқа Автопром» командасы

II орын – «Қостанай жоғары политехникалық колледжі»  командасы

III орын – Қостанай қ. жастар мәслихатының «MoMaTeam» командасы.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
171 queries