- admin
- 05.05.2026
- No Comments
- Жаңалықтар
Біздің оқу орнының оқытушылары – Бондарева Р.В., Амирхамзина Б.К., Иргибаева Д.К. және Акушкаров А.Н. 9-сынып оқушылары арасында кәсіптік бағдарлау жұмыстарын жүргізу мақсатында Федоров ауданының мектептерінде болды.
Кездесулер шеңберінде келесі білім беру мекемелері қамтылды: “Успен жалпы білім беретін мектебі” КММ, “Пешков жалпы білім беретін мектебі” КММ, “Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі” КММ, “М.Мәметова жалпы білім беретін мектебі” КММ, “Ы. Алтынсарин” атындағы жалпы білім беретін мектебі” КММ.
Сапар барысында оқытушылар оқушылармен әңгімелесіп, дайындық бағыттары, оқуға түсу шарттары, сондай-ақ одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы айтып берді. Сұранысқа ие мамандықтарды таңдауға және кәсіби өсу бағдарына ерекше назар аударылды.
Оқушылар қызығушылық танытып, талқылауға белсене қатысып, мамандықтар, оқу процесі және болашақ мансабы туралы сұрақтар қойды. Оқытушылар егжей-тегжейлі түсіндірмелер беріп, практикалық ұсыныстарымен бөлісті.
Кәсiптiк бағдар беру жұмысы көрсетiлген барлық мектептердiң 9-сынып оқушыларын қамтыды, бұл маңызды ақпаратты болашақ талапкерлердiң кең ауқымына жеткiзуге мүмкiндiк бердi және кәсiптi саналы түрде таңдауды қалыптастыруға ықпал еттi.




