- admin
- 08.04.2025
- No Comments
- Жаңалықтар
2025 жылдың 3-4 сәуірі аралығында жыл сайынғы кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында Қостанай жоғары политехникалық колледжінің оқытушылары Ахметжанова Д.К., Кукенова Б.К. Жангелді ауданы мектептерінің («Қанапия Қайдосов атындағы жалпы орта мектебі» КММ, «Ғафу Қайырбеков атындағы жалпы орта мектебі» КММ, «Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі» КММ, «Н.Г. Иванов атындағы жалпы орта мектебі» КММ, «Шоқан Уәлиханов атындағы Торғай жалпы орта мектебі» КММ, «Қаратүбек жалпы орта мектебі» КММ), Амангелді ауданы мектептерінің («Б.Қолдасбаев атындағы жалпы орта мектебі» КММ, «Амангелді орта мектебі» КММ, «Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі» КММ, «А.Боранбаев атындағы жалпы орта мектебі» КММ, «Н.Мейірманов атындағы жалпы орта мектебі» КММ) 9-сынып оқушыларымен көшпелі кездесулер өткізді. Барлығы 11 мектепті аралады.
Кездесулер барысында мектеп оқушыларына колледж мамандықтары, оқуға түсу шарттары, сонымен қатар одан әрі білім алу және жұмысқа орналасу туралы ақпарат берілді. Оқытушылар еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар мен студенттердің білім беру, шығармашылық, ғылыми және спорт салаларында өзін-өзі таныту мүмкіндіктері туралы егжей-тегжейлі мағлұмат берді.
Іс-шара мектеп оқушыларының назарын аударып, пікірталасқа белсене қатысып, мамандықтар туралы сұрақтарын қойып, толық әрі жан-жақты жауаптар алды, бұл олардың білімдерін кеңейтуге және болашақта мамандық таңдауы туралы нақты түсінік қалыптастыруға ықпал етті.
Қостанай политехникалық жоғары колледжінің мамандықтары туралы ақпарат алған мектеп оқушыларының саны 211 адамды құрайды.
Ақпаратты дайындаған оқытушылар: Ахметжанова Д.К., Кукенова Б.К.




