- admin
- 16.11.2018
- No Comments
- Жаңалықтар
Болашақ мамандығын анықтау және оқу орнын таңдауда кәсіптік бағдар беру мақсатымен, 15 қараша күні Қостанай жоғары политехникалық колледжінің оқытушылары Марина Курьерова, Арман Акушкаров, Сауле Амантаева және Айнаш Хусаинова Қостанай қ. №17 және №25 орта мектептер бітіруші сыныптарының оқушыларымен кездесті. Сондай-ақ, Анталияда жартыжылдық тілдік тағылымдамасынан өтіп, жақында елге оралған жоғары колледждің 3 курс студенті Александр Гемпик те № 17 ОМ оқушыларымен кездесіп, өз әсерлерімен бөлісті. Мектеп оқушыларын оқуға түсу шарттары, бюджет негізінде оқуға өту балдары, жұмыспен қамту және халықаралық тағылымдамадан өту мәселелері қызықтырды.
А.Сегізбаева дайындады