Кәсіптік бағдар беру жұмысы

Қостанай жоғары политехникалық колледжінде кәсіптік бағдар беру жұмысы жоспарлы түрде мектеп әкімшіліктерімен келісе отырып жыл бойы жүргізіледі. Осыған орай, Қостанай облысы әкімдігі білім баскармасының “Қостанай ауданы білім бөлімінің мемлекеттік тілде оқытатын Заречный жалпы білім беретін мектебі” КММ 9-11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілді. Жұмыс барысында мамандықтардың түрі, ерекшелігі, маңызы мен мәні туралы түсінік берілді. Оқушылар оқуға түсу үшін қажетті құжаттардың тізімімен таныстырылды. Алдағы оқу барысында сапалы білім, тегін оқу, белсенді де, қызықты студенттік өмір күтуде екені жайлы айтылды. Кәсіптік бағдар беру жұмысының соңында талапкерлерге арналған жаднама таратылып, оқуға түскіңіз келетін мамандықты таңдаңыз деген сауалнама алынды. Кездесу мектеп оқушылары сұрақтар қойып, колледжде оқуға өздерінің қызығушылықтарын білдірді.

Ақпаратты дайындаған Каркинбаева Г.А.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
165 queries