Кәсіптік бағдар беру жұмысы
- admin
- 01.02.2021
- No Comments
- Жаңалықтар
Кәсіптік бағдар беру жұмысы шеңберінде 2021 жылдың 20 қаңтарда Қостанай қ. №29 орта мектебінің тоғызыншы сынып оқушыларымен колледж оқытушыларының онлайн – кездесуі өтті.
Арнайы пәндер оқытушысы Журсиналина Г.С. балаларға колледж мамандықтары, құжаттарды қабылдау ережелері мен тәртібі, оқу шарттары және колледжді бітіргеннен кейінгі перспективалар туралы айтып берді.
Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған тақырыптар бойынша сұрақтар қойды.
Қосымша ақпарат ретінде балаларға электронды форматта колледж туралы буклеттер мен бейне материалдар жіберілді