Кәсіпті дұрыс таңдау

Кәсіп таңдау – бұл өмір салтын таңдау мәселесі. Түлектермен дұрыс таңдау жұмысында жеке кеңес берулер, кәсіп туралы, мамандықтардың мәні туралы әңгімелесулер өткізіліп отырады. Сондай-ақ, біз білім алушыларды колледждің қабырғасында өтетін «Ашық есіктер күні», «Кәсіптік бағдар беру олимпиадасы», конференциялар, дөңгелек үстелдер, IT технологиялар бойынша байқаулар секілді түрлі іс-шараларға шақырамыз.

Қостанай жоғары политехникалық колледжінің базасында Worldskills өңірлік чемпионаты өтті, облысымыздың мектеп оқушылары шақырылды. Негізгі байқау алаңдарына қатысу барысында оқушылар кәсіп туралы ақпарат алумен бірге колледжде практикалық дағдылар мен іскерлікке ие болатынына көз жеткізді. Мамандықтар туралы, бағдарламалау болашағы туралы толық ақпаратын «Веб-дизайн» бойынша сарапшылары  Еркебулан Тулегенов және Александр Давыдов баяндап берді. Болашақ энергетикасының шектеусіз мүмкіндіктерімен «Электромонтаждау» бойынша сарапшылары Оксана Шрайбер және Валентин Нужин таныстырса, астық сапасын бағалаумен байланысты құзыреттері және кондитерлік ісі туралы арнайы пәндерінің оқытушылары Юлия Матвиенко және Гульбану Кумарова баяндады.

Мектеп оқушылары колледждің мұражайын аралады, өз тілектерін қонақтарға арналған кітапта қалдырды. Шет тілдер кабинетінің жетекшісі Айымгуль Омарова халықаралық серіктестік жайлы, шетелдік білім беру мекемелерінде оқыту мүмкіндіктері жайлы қызықты ақпарат ұсынды.

Студенттеріміз Ариман Шуторбаев және Абильмансур Хамитов қонақтарымыздың сауалдарына жауап беріп, студенттік өмір жайлы әңгімеледі.

Колледж бойынша экскурсия аяқталуымен қонақтарымыз Чемпионаттың қатысушыларымен дайындаған кондитерлік өнімінен дәм татты.

Ақпаратты А.Сегизбаева дайындады


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
186 queries