Кәсіпті дұрыс таңдау

Мектеп оқушылары арасында кәсіпке бағдар беру жұмысын өткізудегі дұрыс жолы кәсіпті дұрыс таңдауын қамтамасыз етеді. Колледж оқытушылары «Саналы Азамат» негізгі мемлекеттік жобасын іске асыру аясында түсіндірме жұмысын өткізді. Кейбір мектеп оқушылары өңірдегі еңбек нарығының сұраныстары туралы, облысымыз бен еліміздің кәсіпорындары үшін жүргізілетін мамандықтар бойынша даярлау және студенттік өмірі жайлы дұрыс ақпаратын ала тұра өз таңдауын еліміздегі колледждер арасындағы көшбасшысы болып табылатын Қостанай жоғары политехникалық колледжінде тоқтатады.

Облысымыздың мектептерінде жүргізілетін кәсіпке бағдар беру қызметі кәсіптік бағдар беруді қолдауға, еңбек нарығының даму талаптары мен келешегін ескерумен мектеп оқушыларының кәсіптік таңдау жасауға дағдылауға бағытталған.

Колледж оқытушылары мен студенттер қатарынан құрылған кәсіпке бағдар беру топтары Қостанай, Алтынсарин, Меңдіқара, Федоров, Қамысты, Әулиекөл аудандарының мектептеріне барды.

Оқушылар алдында колледж мамандары технологтар, электриктер, техник кәсіптері жайлы, болашақта бұл кәсіптер неге жеткізетіні жайлы баяндап берді. Оқушылардың назарына колледж студенттері вокалды нөмірлерін ұсынды, сондай-ақ олар колледждегі бос уақытын қалай өткізетіні жайлы баяндап берді. Оқушыларды оқуға қабылдау, жұмыспен қамту мәселелері қызықтырды. Сондай-ақ колледждің білім беру қызметін жүзеге асырудың маңызды көрсеткіштері болып табылатын оқытушылар мен студенттердің жетістіктері туралы ақпарат берілді.

Мектептерде кәсіпке бағдар беру іс-шараларына жоғары колледждің үздік студенттері Диана Мензарипова, Абильмансур Хамитов, Татьяна Мацагора, Никита Остапенко, Ариман Шутарбаев белсене қатысты.

 Ақпаратты А.Сегизбаева дайындады


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
169 queries