- admin
- 30.04.2019
- No Comments
- Жаңалықтар
Колледжде даярлайтын мамандықтардың өкілдері Қостанай ауданының Совхоз ОМ қонақтарын қарсы алды. Технолог, бағдарламашы, электрик, механик студенттер кәсіптің қыр-сырларымен бөлісті. Оқушылар болашақ жұмысы жайлы ақпаратпен алумен қатар, шеберлік сағаттарға қатысты. Мектеп оқушылары студенттердің басшылығымен бидайдың көрсеткіштерін анықтау бойынша құралдарымен жұмыстарды орындады, кондитерлік өнімдерін безендірді, электр және электр механикалық жабдықтарының технологиялық жұмыс сұлбаларымен танысты. Колледж мұражайында колледждің тарихымен және студенттердің жетістіктерімен танысты. Шет тілі кабинетінде маман А.Ж.Жаекбаева колледждің халықаралық білім беру орталықтарымен бірлескен жұмысы жайлы толық баяндап берді.
Ақпаратты А.Сегізбаева дайындады