Кәсіпкерлік құзыреттерді қалыптастыру: колледжде бизнес-жобаларды қорғау

2026 жылғы 11 ақпанда колледжде 04110100 – «Есеп және аудит» мамандығы студенттерінің өндірістік 09-модуль «Ұйым мен оның бөлімшелерінің шаруашылық-қаржылық қызметін кешенді талдауға қатысу» аясында бизнес-идеяларын қорғау өтті.

Іс-шараның мақсаты – студенттердің бизнес-жоспар әзірлеу, қаржылық талдау жүргізу, тәуекелдерді бағалау және нақты кәсіпкерлік қызметке барынша жақын жағдайларда басқарушылық шешімдер қабылдау бойынша практикалық дағдыларын қалыптастыру.

3Б-5 тобының студенттері әзірлеген бизнес-жоспарларын ұсынып, жоғары дайындық деңгейін, жобалардың қаржылық негіздемесінің сауаттылығын және шаруашылық-қаржылық қызметті талдау дағдыларын сенімді қолдана алатынын көрсетті.

Жобалардың негізгі бағыттары:

  • Қазақстан Республикасы бойынша туризм;
  • фитнес және пайдалы тамақтану;
  • сұлулық салоны мен кофехана;
  • фермерлік өнімдер және гүлдер дүкені;
  • ұлттық киім;
  • бухгалтерлік және консалтингтік қызметтер;
  • экологиялық және әлеуметтік бағыттағы жобалар.

Барлық жұмыстар нарықты талдауды, ұйымдастырушылық және қаржылық жоспарларды, рентабельділікті есептеуді және тәуекелдерді бағалауды қамтыды.

Қорғау нәтижесінде студенттердің шаруашылық-қаржылық қызметті талдау бойынша білімдерін сенімді қолданатыны және практикалық кәсіби қызметке дайын екендігі дәлелденді.

Ақпаратты дайындаған: Контробаева Ж.Д.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

171 queries