Кәсіпке бағдар беру жұмысы

Колледж оқытушылары кәсіпке бағдар беру жұмысына жауапкершілікпен қарайды, өйткені түлекке болашақ кәсібін таңдаумен көмек көрсету қаншалықты маңызды екенін түсінеді.

Колледж оқытушылары К.Т.Кусенов және А.В.Молдахаликова №17 ОМ мен Ғ.Қайырбеков атындағы №9 ОМ 9 және 11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Оқушыны тек мамандықтар жайлы ақпараттандыру жеткіліксіз, сонымен қатар колледж қызметі жайлы, жетістіктері мен жемістері, өткізілетін іс-шаралар жайлы әнгімелеп беру қажет. Оқушылардың колледжді тәмәмдағаннан кейін жұмысқа орналасу мүмкіндіктері жайлы сұрақтарына студенттеріміздің болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар кәсіпорындармен әлеуметтік серіктестері туралы ақпарат, жұмысқа орналасу кезінде шешуші рөлі бар қосымша білім беру туралы ақпараты берілді. Колледжімізде мамандарды даярлау тәжірибеге бағытталған бағдарлама бойынша жүргізіледі, оқу үрдісі аяқталумен еңбек нарығы жұмыс кәсібінің кәсіптік дағдылары туралы куәлік түрінде құжаттамалық растауы бар көпсалалы мамандармен қамтылуы мүмкін. Дәл осындай маман бәсекеге қабілетті көрсеткіштеріне ие және еңбек нарығында қажетті болмақ, ол жөнінде студенттеріміздің жұмысқа орналасу мониторингі айтады.

Кәсіпке бағдар беру әнгімелесулерін 11 сынып оқушыларымен өткізу кезінде оқытушы қолданбалы бакалавриат бағдарламасы бойынша мамандықтарын алу мүмкіндіктері туралы айтып берді.

Колледжімізге құжат тапсырған талапкер таңдауды дұрыс жасағанына сенімді бола алады!

А.Сегізбаева дайындады


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
172 queries