Кәсіби сынамалар

2024 жылдың 24 қаңтарында Қостанай жоғары политехникалық

колледжінің негізінде кәсіби сынамалар өткізілді. Қазірдің өзінде мамандық таңдауға қызығушылық танытқан 110 мектеп оқушысы мамандықтарды байқап көрейін деп келді.

Қостанай қаласындағы № 1,3,4, Заречный орта мектептерінің 9 сынып

оқушыларына «Технологиялық процестерді автоматтандыру және басқару», «Электрмен қамтамасыз ету, «Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)», «Нан пісіру, макарон және кондитер өндірісі», «Стандарттау, метрология және сертификаттау (салалары бойынша)», «Есеп және аудит (салалары бойынша)», «Элеватор, ұн тарту, жарма және құрама жем өндірісі», «Машина жасау технологиясы» мамандықтары бойынша кәсіби сынамалардан өтуге бірегей мүмкіндік берілді.

Арнайы пәндер оқытушылары мектеп оқушыларына шеберлік

 сыныптарын өткізді, оқушыларға электрмен қамтамасыз ету схемасын өздеріне жинауға және оның жұмыс қабілеттілігін тексеруге, механикалық жүйелер элементтерінің беріктігін тексеруге, зертханалық талдау жүргізуге, элеватор, ұн тарту, жарма және құрама жем өндірісінің бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштерін жүргізуге, өз идеяларының бизнес-жоспарларын жасауға, сандық жүйелермен, шифрлармен және кодтармен жұмыс істеуге, нан-тоқаш өнімдері мен кондитерлік өнімдерін өндіруге мүмкіндік берді.

Болашақ талапкерлерге болашақ мамандықтарын сынап көру ұнады.

Людмила ДЮСЕКЕЕВА,ҚПК директорының ОТЖ жөніндегі орынбасары


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
164 queries