«Кәсіби маман – ғылымға бастау. Мамандықтар әлемі» декадасының қорытындысы

2021 жылдың 10 наурызында «Кәсіби маман – ғылымға бастау. Мамандықтар әлемі» декадасының қорытындысында «Біздің колледжді таңда!» бейнероликтер Байқауының нәтижелері шығарылды.

Байқаудың мақсаты білім алушыларға кәсіп таңдауда, сонымен қатар, колледждің жағымды имеджін қалыптастыру сұрақтарында көмек беру болып табылады.

Колледж студенттері Қостанай жоғары политехникалық колледжінде білім беретін мамандықтар бойынша бейнероликтер дайындады: 1219000 «Нан-тоқаш, макарон және кондитерлік өндіріс», 0911000 «Электрлік және электромеханикалық жабдықты техникалық пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу», 1304000 «Есептеу технологиясы және бағдарламалық қамтамасыз ету», 1216000 «Лифт, ұн, жарма және жем өндірісі».

Бейнероликтер байқауының нәтижелері: УЭБ-2 тобының студенті Михайлов Вадим, ол 0518000 «Есеп және аудит» мамандығы бойынша ролик дайындады және 1 орынды,  ТП-27 тобының студенттері Вальшин Камиль және Лавриненко  Виталий, олар 1304000 «Есептеу технологиясы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша ролик дайындап,  2 орынды алды;

 ХП-14 тобының студенті Бекмухамбетова Райхан және СТ-4 тобының студенті Тюленева Камила 3 орынды алды. Олар 1219000 «Нан-тоқаш, макарон және кондитерлік өндірісі» мамандығы бойынша бейнеролик дайындады.  


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
169 queries