Кәмелет жасқа толмағандардың істері жөніндегі инспекторымен кездесу

29.01.2020 ж. Қостанай жоғары политехникалық колледжінде студенттер Қостанай қ. ПБ СПБ кәмелет жасқа толмағандардың істері жөніндегі инспекторы аға лейтенант Серикбаев Н.С. кездесті. Инспектор «Кәмелет жасқа толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі», «Кәмелет жасқа толмағандардың әкімшілік құқық бұзушылық» атты тақырыбында алдын алу мақсатында сұхбат жүргізді. Іс-шараға қатысқандардың саны 85 адам.

Кездесу барысында инспектор студенттерді мынадай қылмыс түрлерінің жауапкершілігімен таныстырды: ұрлық, бопсалау, бұзақылық, қоғамдық тәртіпті бұзу. Сондай-ақ, кәмелет жасқа толмағандарға қай жастан қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі атқаратыны және қарама-қарсы әрекеттер жасауға жазалаудың қандай түрлері қолданылатыны түсіндірілді.

Сұхбаттың соңында студенттер өз сауалдарына жауаптар алды.

Ақпаратты әлеуметтік педагогтар Хасенова А.Т., Тажитаева А.С. дайындады


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
170 queries