ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАРДЫҢ БӨЛІГІ РЕТІНДЕ ОҚЫТУДАҒЫ ЗАМАНАУ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

2022 жылдың 10 тамызында Қостанай жоғары политехникалы колледжінің оқытушылары Ж.Б. Сагандыкова және Е.Т. Риженко Қостанай облысы педагог қызметкерлерінің тамыз кеңесі аясында арнайы пән оқытушылары мен өндірістік шеберлердің секциялық отырысында «07211200 «Элеватор, ұнтарту, жарма және құрама жем өндірісі» мамандығы бойынша академиялық дербестік шеңберінде жаңа форматтағы білім беру бағдарламаларын әзірлеу тәжірибесін трансляциялау» шеберлік сыныбын өткізді. Тақырыбы: «Инновациялық трансформациялардың бөлігі ретінде оқытудағы заманау технологиялар». Шеберлік сыныбы 3 блоктан тұрды: білім беру бағдарламаларын әзірлеу кезінде қолданылатын нормативтік құқықтық актілерді зерделеу, білім беру бағдарламасының мазмұны және практикалық бөлім.

Инновациялық идеялар зертханасының жұмысы барысында спикерлер Ж.Б. Сагандыкова мен Е.Т. Рыженко академиялық дербестік шеңберінде білім беру бағдарламаларын әзірлеу тәжірибесін ұсынды. Білім алушыларды ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттаудың бағалау рәсімдері шеңберінде кеңеске қатысушылар ТжКБ жүйесінде оқыту нәтижелерін критериалды бағалауды пайдалану аспектілерімен танысты. Материалды бекіту бойынша іс-шара еңбек нарығының сұранысын ескере отырып, оқытылатын модульдер/пәндер бойынша мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған 3 тапсырмадан тұрды.

Шеберлік сабағының соңында қатысушылармен бірлесіп білім беру бағдарламаларын әзірлеу үшін колледж мамандықтары бөлінісінде жұмыс берушілерді тарту, курстан кейінгі қолдауды тиімді іске асыру үшін біліктілікті арттыру курстарының жаттықтырушыларымен, сондай-ақ жаңа форматтағы білім беру бағдарламаларын әзірлеуді келісу және әдістемелік сүйемелдеу үшін бейіндер бойынша РОӘБ-мен байланыс орнату бойынша жұмысты жалғастыруға бағытталған ұсынымдар әзірленді.

Материалды  дайындаған Ж.Ш. Кайпбаева, директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
170 queries