- admin
- 25.11.2026
- No Comments
- Жаңалықтар
23 қарашада Қостанай жоғары политехникалық колледжінде «Идеялар генераторы» стартап-жобалар байқауы өтті. «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының бірінші курс студенттері өз идеяларын қазақ және орыс тілдерінде таныстырды. Байқауға 1ПО-9 тобынан бес команда және 1ПО-8 тобынан бес команда қатысты.
Студенттер жобаларының кімге пайдалы болатынын түсіндіріп, қазылар алқасының сұрақтарына жауап берді. Майра Маликқызы Уаисова мен Дулат Дүйсенбекұлы Кенешов идеяның жаңашылдығын, өзектілігін, нарықтағы қажеттілігін және өнімнің әзірлену деңгейін бағалады.
Байқау қорытындысы бойынша I орынды Zertteu жобасы иеленді. *II орынды Kostanay Life және Diango, ал *III орынды Brain boost және MIX жобалары бөлісті.
Жеңімпаздар мен барлық қатысушыларды құттықтаймыз! Байқау бірінші курс студенттерінің өз идеяларын дамытып, көпшілік алдында сенімді таныстыра алатынын көрсетті.








