- admin
- 26.04.2018
- No Comments
- Жаңалықтар
2018 жылдың 24 сәуір күні Қостанай жоғары политехникалық колледжіне білім беру және бизнес қауымдастығы салаларында бірлескен жобаларды іске асыру жағдайларын талдау мақсатында Германиядан делегация келіп кетті.
Делегация құрамына Бундестаг мүшесі, саясаткер Генрих Цертик, Кәсіптік және әлеуметтік білім беру мекемелер Еуропалық қауымдастығының Қазақстандағы жобаларды дамыту бойынша өкілетті өкілі Вальтер Гаукс, сондай-ақ, балық және ауыл шаруашылық саласында бизнес өкілдері енді.
Жоғары колледж неміс әріптестермен 2013 жылдан бастап серіктестік жасап келуде, «Институционалдық даму жоспары» жобасы аясында Германияда дуалдық оқыту жүйесі бойынша колледждің 3 оқытушысы, соның ішінде Ж.С.Аманова, Ж.Б.Сагандыкова тәлімдемеден өтті. Сондай-ақ, «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ серіктес колледж жобасы аясында, GIZ Неміс қоғамының халықаралық сарапшыларымен бірлесе отырып, 1216000 «Элеватор, ұн тарту, жармалық және құрама жем өндірісі» мамандығы бойынша эксперименталдық модульдік білім беру бағдарламалары әзірленді.
Дөңгелек үстел аясында Worldskills мәселелері бойынша серіктестік келешегі, Германияның халықаралық орталықтары негізінде оқытушылардың тәлімдемелері, білім беру бағдарламаларын сараптау және колледждің шеберханалары үшін жабдықтар тізімі талқыланды.
Дөңгелек үстелдің қатысушылары кездесудің нәтижелерімен қанағаттанып, болашақта ұзақ мерзімді және табысты серіктестікке сенім білдірді.
Ақпаратты ҚЖПК директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары О.В.Синько дайындады