«Ер есімі – ел есінде» волонтерлік акциясы

6 мамыр күні Қостанай политехникалық жоғары колледжінде «Ер есімі ел есінде» волонтерлік акциясы өтті. Акцияның мақсаты – тарихи жадыны сақтау және ардагерлерге құрмет көрсету.

Акция аясында студенттер ардагерлерді келе жатқан Жеңіс күнімен құттықтап, олардың ерлігі, батылдығы мен жанқиярлығы үшін шынайы алғыстарын білдірді.

Студенттер Ұлы Отан соғысының ардагері Қасымхан Алдабергеновке (1925 ж.т.) барды — гвардия старшинасы, Қостанай облысы мен Қостанай қаласының құрметті азаматы, сондай-ақ «Құрметті журналист» атағының иегері. «Мен майданға 17 жасымда барып, 7,5 жыл қызмет еттім», — деп еске алады ардагер. Соғыс жылдары ол Венгрияны, Австрияны және Чехословакияны азат етуге қатысып, әуе-десант әскерлерінде қызмет етті.

Сондай-ақ студенттер әскери дәрігер, хирург, шекарашы, Ауғанстан оқиғаларының қатысушысы, аға лейтенант Пимичев Виктор Ивановичке барды. Оның қызметі жанқиярлық пен жоғары кәсібиліктің жарқын үлгісі болып табылады.

Мұндай кездесулер жастар үшін ерекше маңызды: олар ұрпақтар сабақтастығын сақтауға, тарихқа құрметпен қарауға және патриоттық сезімді қалыптастыруға ықпал етеді.

«Ер есімі ел есінде» акциясы батырлардың ерлігін ұмытпау керектігін тағы бір рет еске салды. Бұл ерлік әрдайым жас ұрпақтың жүрегінде сақталады.

Қалқаман А.Қ., Жастар ісі жөніндегі комитеттің инспекторы

#адал_азамат


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *