“Бос орындар жәрмеңкесі” аясында 0518000 “Есеп және аудит” (салалар бойынша), 1304000 “Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету” (түрлері бойынша) мамандықтарының екінші және үшінші курс студенттері “Proffi Soft” ЖШС өткізген 1 С мансап күнінде болып, кәсіпорын өкілдерімен танысып, еңбек нарығын дамытудың соңғы трэндтері және 1 С мансаптың перспективалары туралы білді.
Сондай-ақ, балаларға тестілеуден өтіп, 1С: кәсіпқой ресми сертификатын алу ұсынылды.