«Ел қорғаны» – патриотизм мен азаматтық

жауапкершілікке бастар қадам

2026 жылғы 9 қарашада «Ел қорғаны» әскери-патриоттық жобасы аясында Қостанай политехникалық жоғары колледжінің студенттеріне Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 99260 әскери бөлімінің аумағына экскурсия ұйымдастырылды.

Іс-шараның бастамашысы болып патриотизм, еңбекқорлық, білімге ұмтылу және туған елге деген сүйіспеншілік құндылықтарын ұстанатын 100 мыңнан астам жасты біріктіретін «Жастар Рухы» жастар қанаты атанды.

«Ел қорғаны» жобасының негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, әскери борышқа деген құрметті тәрбиелеу, жастардың әскери қызметке деген қызығушылығын арттыру және азаматтық жауапкершілігін нығайту.

Іс-шараға колледждің келесі оқу топтарынан 10 студент қатысты: Б-10, А-5, М-17, ЭС-26, Б-11, ПО-14, СИБ-3, СИБ-4 және СТ-10.

Экскурсия барысында студенттер әскери қызметтің ерекшеліктерімен танысып, әскери қызметшілердің күнделікті өмірі, күн тәртібі және Отан қорғаушылар атқаратын міндеттер туралы білді. Сондай-ақ қатысушылар әскери қызмет өткеру жағдайларын өз көздерімен көріп, армия өмірімен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.

Іс-шараның ерекше бөліктерінің бірі ашық пікір алмасу форматында ұйымдастырылған «BIR TOLQYNDA» әскери-патриоттық диалог алаңы болды. Студенттер әскери қызметшілермен тікелей тілдесіп, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, әскери бөлім қолбасшылығы өкілдерінен жауап алу мүмкіндігіне ие болды.

Спикерлер ретінде роталардың командирлері мен әскери бөлімнің басшылық құрамының өкілдері сөз сөйледі.

«Ел қорғаны» жобасы – бұл тек әскери өмірмен танысу ғана емес, сонымен қатар жастардың Отанға қызмет ету сияқты маңызды ұғымды терең түсінуіне, ел болашағы үшін жауапкершілігін сезінуіне және патриоттық құндылықтарын нығайтуына мүмкіндік беретін жоба.

Ақпаратты дайындағандар: АӘД педагог-ұйымдастырушылары
Нурканов М.К., Фатхудинов Р.Р.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *