- Александр Давыдов
- 06.04.2018
- No Comments
- Жаңалықтар
10 наурыз күні Қостанай жоғары политехникалық колледжінің «Мейірімді жүрек» отрядының еріктілері «Әлемді мейірімді етеміз» жобасы аясында Қостанай облыстық балалар үйінің балаларымен «Дос көп болмайды!» атты ойын сабағын өткізді.
Келудің мақсаты жастар арасында толеранттылық пен достықты, өзара көмек беру және құрметтеуді тәрбиелеу болып табылады.
Аталған іс-шара барысында колледждің еріктілері ұжымды біріктіруге бір қатар тренинг өткізді.
Мен балаларға денсаулық, оқуда табыс, ашық аспан тілеймін, сондай-ақ, олардың өмір жолында кездесетін барлық қиындықтар мен ауырпашылықтарды жеңуге және өз мақсатына жетуге тілектеспін.
Ақпаратты ұйымдастырушы педагог А.В.Пушкарева дайындады