Әдістемелік кеңестің 2023 жылғы 31 тамыздағы отырысы

2023 жылғы 31 тамызда әдістемелік кеңестің отырысы өтті. Отырыстың мақсаты: жаңа оқу жылында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес модульдерді/пәндерді әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастыру.

Аналитикалық-жоспарлаушы педагогикалық кеңес келесі міндеттерді шешуге бағытталды:

  • колледжде білім беру процесін әдістемелік қамтамасыз ету;
  • инженерлік-педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру, қайта даярлау және аттестаттау;
  • колледжде жаңа технологияларды, әдістерді, оқыту құралдарын енгізу және қолданыстағыларын жетілдіру бойынша жұмысты ұйымдастыру;
  • инженерлік-педагогикалық қызметкерлердің оқу-әдістемелік әлеуетін жетілдіру бойынша жұмысты үйлестіру.

Біздің педагогикалық кеңестің күн тәртібі колледждің әдістемелік қызметінің міндеттерін іске асыру ретінде айқындалған. Директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Ж.Ш. Қайпбаева кафедра меңгерушілері мен колледж әдіскерлерін 2023 – 2024 оқу жылына арналған оқу – әдістемелік жұмыс жоспарымен, оның ішінде авторлық оқу-әдістемелік құралдарды лицензиялау жоспарымен, оқытушылардың шығармашылық топтарының жұмыс жоспарымен, медиа-жоспармен, Студенттік ғылыми қоғамының (СҒҚ) жұмыс жоспарымен, Жаңадан бастаған оқытушылар мектебінің (ЖБОМ), Озық тәжірибе мектебінің (ОЖЖ) жұмыс жоспарларымен таныстырды, оқу-әдістемелік құжаттамасын бекітумен, пәндік онкүндіктерді, ашық сабақтарды және басқа да ашық іс-шараларды өткізу кестесімен таныстырды.

Материалды директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары Ж.Ш. Қайпбаева дайындады


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
167 queries