Дебат «Білім — қуатты күш»

2025 жылғы 13 сәуірде Қостанай өңірлік университеті базасында «Білім — қуатты күш» тақырыбында дебаттар өтті. Бұл іс-шара студенттердің зияткерлік бәсекеге қабілеттілігін, пікір алмасу дағдыларын және шешендік өнерін көрсетуге арналған жарқын алаңға айналды.

Дебаттың мақсаты – қатысушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту, өз көзқарасын дәлелді түрде қорғауға үйрету, сондай-ақ білімнің қазіргі қоғамдағы негізгі ресурс ретіндегі маңыздылығын атап көрсету болды.

Қызықты пікірталас барысында студенттер түрлі көзқарастарды ұсынды: кейбірі білім — жеке тұлғалық және кәсіби өсудің басты құралы деп есептесе, енді бірі адамгершілік пен білімді дұрыс қолданбайынша, оның күші жойылуы мүмкін екеніне назар аударды.

Қазылар алқасының дауыс беру нәтижесінде дебат жеңімпазы болып Қостанай политехникалық колледжінің студенті Кусеубаева Карина танылды. Оның дәлелдері тереңдігімен, қисындылығымен және сенімді жеткізілуімен ерекшеленіп, қазылар мен көрермендердің ықыласына бөленді.

Іс-шара қатысушыларға ерекше әсер қалдырды және білімнің шын мәнінде әлем мен адам тағдырын өзгерте алатын қуатты күш екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Мускина Ж. Ж., педагог-ұйымдастырушы

  #Біртұтас_тәрбие


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

176 queries