- admin
- 28.10.2026
- No Comments
- Жаңалықтар
2026 жылғы 27 қазанда Қостанай жоғары автомобиль көлігі колледжінің базасында Қостанай қаласының әскери-патриоттық клубтары арасында Қазақстан Республикасының басты мемлекеттік мерекелерінің бірі – Республика Күніне арналған дәстүрлі садақ атудан жарыс өтті.
Жарыстың басты мақсаты – жастардың патриоттық тәрбиесін нығайту, ұлттық мәдени мұраның бір бөлігі ретінде дәстүрлі қазақ садағын насихаттау, сондай-ақ болашақ Отан қорғаушыларды шынықтыру мен моральдық-жігерлік қасиеттерін дамыту болды.
Турнирге Қостанай облысының 5 әскери-патриоттық клубы қатысты, олардың қатарында Қостанай политехникалық жоғары колледжінің «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының студенттері де болды. Жарыс ережесіне сәйкес, команда құрамы 5 адамнан тұрды (3 ер бала және 2 қыз бала). Олар СТ-10, Б-10, ЭС-26, ХП-27 және ПО-13 топтарының студенттері.
Қатысушылар жеке біріншілік бойынша сынға түсті. Ату 15 метр қашықтықта, диаметрі 50×50 см нысанаға жүргізілді. Әр қатысушыға 3 жаттығу және 5 есептік жебе берілді, ату уақыты – 2 минут.
Жарыс қорытындысы бойынша «Жас сарбаз» ӘПК студенттері белсенді қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды. Бірінші орынды Севостьянова Карина, екінші орынды Шамғанов Әділ, үшінші орынды Попова Маргарита иеленді.
Ақпаратты АӘД педагог-ұйымдастырушылары
Нұрқанов М. Қ., Фатхудинов Р. Р. дайындады.




