Бос орындар жәрмеңкесі

«Маңсап осы жерден басталады» деген ұстаныммен Қостанай жоғары политехникалық колледжінде 2020 жылдың 21 ақпан күні жыл сайыны бос орындар жәрмеңкесі өтті.

Іс-шара мақсаты – еңбек нарығының кадрлық сұраныстарын анықтау, жұмыс берушілермен  және әлеуметтік серіктестермен байланыс орнату, сондай-ақ түлектерді жұмысқа орналастыруға көмек көрсету.

Бос орындар жәрмеңкесіне қаламыз бен облысымыздың 11 жетекші кәсіпорны, дуалдық оқыту формасы бойынша әлеуметтік серіктестері қатысты: «СарыаркаАвтоПром» ЖШС, «ЕвразКаспианСталь» ЖШС, «Қостанай агромеханикалық зауыты» ЖШС, «Baltic Control Kazakhstan» ЖШС, «Сараптау және сертификаттау ұлттық орталығы» АҚ, «Баян сұлу» АҚ, «Астыкжан Костанай» ЖШС, «КМК-пионер» ЖШС, «Агро Корн» ЖШС, «Аменова А.В.» ЖК.

Ұйымдастырушы-жұмыс берушілер өз бос орындарын ұсынып, жұмысқа қабылдау үшін үміткерлерді алдын ала іріктеуді жүзеге асырды, содан соң өз түйіндемелерін аса қызығушылықпен ұсынған түлектер үшін жеке сұхбаттар өткізілді.

Сондай-ақ, Бос орындар жәрмеңкесіне «Қостанай қаласының жұмыспен қамту орталығы» КММ өкілдері қатысты, олар Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасы аясында түлектердің жастар практикасы бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндіктері жайлы баяндады.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
171 queries